Алматы метросының 3 жылдығына орай қалалық әкімшілік пен метрополитен ұжымы бірігіп «Метро – балалар көзімен» атты қалалық оқушылар арасында сурет салудан сайыс өткізді. Байқауға 500-ге жуық сурет қабылданып, ең үздік дегендерін қала әкімі Ахметжан Есімовтің өзі марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті.

03

Ахметжан Есімов сыйлық беруде
Ахметжан Есімов сыйлық беруде

Оқушылардың шығармашылығынан туындаған суреттер Байқоңыр бекетінің фоэсіне ілініп, 1 ай бойы тұрғындардың назарына ұсынылды. Балалардың бар ынта-ықыласын, сурет салуға деген әуестігін, туған қалаларына деген махаббатын әрбір туындыдан анық байқауға болады. Ұйымдастырушылар байқаудың екінші мәрте өткізіліп отырғанын, алдағы уақытта дәстүрлі түрде өз жалғасын табатынын, ауқымы кеңейетінін жеткізді. «MyProfession.kz» сайты аталған шараның ақпараттық қолдаушысы болып табылды.

01

04

▲ Әлемдегі ең көрікті әрі қауіпсіз он метрополитеннің қатарына біздің алматылық жера асты жолы да кіретінін біз мақтанышпен айта аламыз. Бастапқыда жеті бекетпен іске қосылған метрополитен жақын күндері тағы екеуімен толығады. «Метрополитен» КМК директоры Айдын Оразхановтың сөзіне сенсек жерасты құрылысы толықтай аяқталған. Тек күннің жылуын күткен құрылысшыларға енді жол төсеу мен гүлзарларды қалпына келтіру жұмыстары қалды.

07

▲ Өскелең ұрпақтың көзқарасымен туындаған метро әлеміне сіздер де саяхаттаңыздар. Балалардың өз әлемі барын сіздер төмендегі суреттерге зер салып байқай аласыздар.

05

06

08

09

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

 

Алмат АЛТЫНБАЙ

Әзірге пікір жоқ.

Пікір қосу