Жетісу өңірі исі қазақтың құт мекені. Найзаның ұшымен, білектің күшімен ғасырлар бойы жерін жаудан қорғап, суын еміп, даласында аунаған алашым осы ұлы қонысты қасиет санаған.
Бүгінде тұмса табиғаты бар, ақжарқын халқы бар өлке құлашын кеңге жайып заман ағымымен бірге дамып келеді. Жер жәннатына баланған өлкенің сұлулығы мен көркі туризмнің өркендеуіне таптырмас мүмкіндік екені баршаға аян.

01 Айтжан Мурзанов

Біз бүгін осы өңірді Республикалық «Айқын» газетінің фототілшісі, Қазақстан журналистері одағы сыйлығының лауреаты Айтжан Мұрзановтың көзімен көрсетуді жөн санадық.

02 Алакол

Жетісудың солтүстік шығысында суы шипа, құмы алтын ұлы көл бар. Өңір тұрғындары көл суының құбылмалылығын байқап оны Алакөл деп атаған. Міне,сол Алакөл бүгінде Жетісу туризмнің кіндігіне айналып келеді.

03 Алакол

Көлдің оңтүстік жағалауындағы ең ірі елді мекеннің бірі – Көктұма.

04 Алакол

Ұзындығы 104 шақырым ал ені 52 шақырым тұратын көлдің ауданы 2696 шаршы шақырымды құрайды. Ең терең тұсы 54 метр.

05 Ушарал онири

Үшарал өңірі.

06 Жетисудын бир озени

Жетісудың бір тармағы.

07 Капшагай

Қапшағай.

08 Тузкол

Тұзкөл.

09 Шалкоде

Теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте орналасқан Шалкөде жайлауы.

10 Мукагали

Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаев – Жетісу өңірі, Қарасаз ауылының перзенті.

11 Деревянное озеро окресности Чунджы на заднем плане пески(1)

Шонжы төңірегіндегі көл.

12 Кокбастау

Көкбастау ипподромы.

13 Байге 0

13+ Байге 2

Бәйге. Тұлпар тұяғы Көкбастау төсін дүбірлетті.

14 Беркут 8

Әрбір аңшы үшін қыстың қызығы – қансонар.

Асқар БЕКОВ.

3 Пікір

  1. Айтжан ағадан тағы да көркі көз тартатын фотосуреттер күтеміз. Ол кісінің сыр сандығында талай дүние бар екеніне сенімдімін. http://myprofession.kz сайтына құлақ қағыс басқа фотографтардың да сандығын ақтарсаңыздар жақсы болар еді. Жас Алаштағы Асылхан Әбдiрайымұлының көз қызықтыратын фотосуреттері бар.

  2. Расымен, Алатаудың бөктері, Іленің қос тарабы, Балқаш пен Алакөлдің төңірегі баға жетпес байлығымыз. Көрсең көзің тоятын осындай репортаждарды күтеміз.

Пікір қосу