«Қарт Алтайдың қақ басында, алақанның аясында, бал татыған айна сулы, түрі де аспан, сыры да аспан, шарап сулы Марқакөлі. Марқакөлді алқалаған – ақ ауылды Алтай елі. Алтай елі – Алтай жазы тау еркесі – киік болып, өзге елдерден биік болып, Марқакөлдің шатқалында сайран етіп жатқаны.

Марқакөлдің суы балдай. Марқакөлдің суын ішіп, отын жеген, сары қарын, тұтам емшек жануардың бауырынан сүт сорғалап, сүт емес-ау, адам дәл қазір хор қызын құшқандай боп беті шиқан дуылдайды, аузы қобыз гуілдейді, мас болады, жас болады, жел жетпеске мініп алып Алтай тауын дүрсілдетіп, таудың тасын күтірлетіп, көкпар, жарыс, алыс-жұлыс асыр салып жатқаны» деп Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романында суреттеген Марқакөліңіз – осы.

01

Жақында осы жұмақ мекенге тағы да жол түсті. Тағы да деп отырғаным – Марқакөлге жыл сайын барамын. «Бал татыған айна сулы» көліне түспесек те, «өзге елдерден биік болып, Марқакөлдің шатқалында сайран етіп» қайтамыз. Марқакөлге барсаң жаның барақат, көңілің берекет табады.

02

Бір ғана түйткіл – Марқакөлге дейінгі жолдың нашарлығы. «Сол жолдың нашарлығының арқасында ғана тамылжыған табиғатымыз сақталып тұр» дейді жергілікті жұрт. Осы мәселе шешімін тапса, туризмді дамытуға нағыз сұранып-ақ тұрған мекен.

03

Марқакөлге жол түскен соң туып тұрған тамаша мүмкіндікті жіберемейік деп суретке тарта беріппіз. Нәтижесі – көз алдарыңызда. Ендеше, жер жәннаты Марқакөлдің әсем келбетіне көз сала отырыңыз, ағайын!

04

05

06

Өзге әуесқой фотографтардың да түсірген ғажап суреттерін назарларыңызға ұсынамыз.

07

08

Таймас Нұртаевтың обьективіне іліккен суреттер.

09

Андреянов Вячеслав түсірген фото.

10

Юрий Литвиновтың фотосы.

11

Игорь Зважельскийдің ғажап фотосы.

12

Василий Косывцев түсірген фото.

Азамат ҚАСЫМ.

Шығыс Қазақстан облысы

6 Пікір

  1. Туризм дамып, осы жерге жету оңай әрі ыңғайлы болса екен. Өз еліміздің тамаша табиғатында жақсы жазғы демалыс өткізер едік. Табиғат сұлулығына көз тояр емес. Қандай тамаша сәттер түсірілген. Авторлардан алдағы уақытта да қызықты жаңалықтар күтемін.

  2. Туризмді жүйелі түрде дамыту, басты парызымыз. Жолын жөндесек, қонақ үйін де ұмыт қалдырмауымыз керек!

  3. Алтайдың Марқа көлінің фотоларын көріп, табиғаттың сұлулығына деген құмарлығым артып отыр. Алла жазса барып, армансыз аралайтын жер екен.

  4. Тамаша табиғатты қор қылатын адамдар ғой,Марқакөлімнің көріктілігін жоғалтпай тұрғаны — адам аяғының әлі де болса бұл жердегі саябырлығы.Туған жерім лайым осылай жұрт таңдай қағып тамсанатын арман-мекен болып қала берсе екен.

Пікір қосу