Қазақты қазақы кейіпте көргіңіз келсе Оңтүстік Қазақстанға барыңыз! Қолынан кетпені, қорасынан төлі үзілмеген, ата дәстүрін дәріптеп, тілін сындырмаған арда қазақ осында. Тіпті бабадан қалған қасиетті мекендерін де қастерлеуді еш ұмытпайды. Ал олардың санынан шатасып жаңыласын. Әр тасының өзі тарихтан сыр шертіп тұрған аймақты білмек ниетте біз өткен жылы Жылаған атаның жұмбақ сарқырамасын тамашалауды жөн санап жолға шыққанбыз.

SONY DSC

Сапарымыздың тізгінін ұстаушы Сапарбай Парманқұлов, ғұмырын тас пен таудың қасиетін қағазға түсіруге арнаған. Түркістан қайдасың деген біздің арынымызды тоқтатып алдымен жол бойындағы Келіншектауды көріп қайтуға келістірді. Қош. Жақсыны көрмекке деп Шолаққорғанды бетке алдық.

SONY DSC

Алматыдан Созаққа жету мұң. Созылып жеткенше діңкең таусылады. Біз Тараздан Саудакент арқылы тез жетуге тоқтадық. Шолаққорғанға жақындағаныңды «Х» нөмірлі көлік пен Қазатомпромның төсеген тақтайдай жолы арқылы білуге болады.

SONY DSC

Шолаққорғанды тамашалап, қымыранды сіміріп, тынығып алған соң ертесімен жолға қайта шықтық. Келіншектау аудан орталығынан небәрі 50 шақырымдай жерде орналасқан. Жеңіл көліктегі жүргізуші Азаттан басқамыз табиғатқа сүйсініп келеміз. Ол жолмен арпалысуда.

SONY DSC

Сонымен, алдарыңызда – Келіншектау. Аты аңызға айналған қарт Қаратаудың алтын тәжі. Байдың ұзатылған қызының керуені тасқа қалай айналғаны туралы аңызды оралдық ақын Болатқали Төлебаевтың төмендегі өлең жолдарын арамыздағы арда ақын Қалмаханбет оқи бастады.

SONY DSC

Құмар қанған отыз күндік ойында,
Шырақ жанған қырық күндік тойында,
Жат жерлерге жалғыз қызын ұзатты,
Бір бай адам Қаратаудың бойында.

Қыз көшінің арты — дала, алды — су,
Қаратаудың қойнауында Балдысу.
Тоқсан түйе қыз жасауы артылған,
Көш соңында жел жеткізген қалды шу.

Ерке шолжаң тоқтатты да асауын,
Көзбен шолды жабдығы мен жасауын.
Итаяқты жай ағаштан қашалған,
Талап етті саф алтыннан жасауын.

SONY DSC

Ақыл қашып, алып кетіп сәт есін,
«Кәрі қақбас түзетсін – деп – қатесін».
«Саф алтыннан итаяқты жаса» — деп,
Ақылсыз қыз түңілдірді әкесін.

Итаяқты алтынменен аптауын,
Талап етіп жан мейірін таптауын.
Көтермеген шолжаң қыздың тілегін,
Әкесінің қарғыспен сөз саптауын:

SONY DSC

«Әке –көңіл бола алмас шат» – деді,
«Мұндай қылық көргендіге жат» – деді.
Қайран әке жалғыз қыздан түңіліп,
«Көшіңменен тас боп мәңгі қат» – деді.

Ыза кернеп, екі көзге жас толып,
Әкесінің дәулетіне мас болып.
Астамшылық тілек айтқан әкеге,
Ақылсыз қыз қатып қалды тас болып.

SONY DSC

Келіншектау келіншектің көші ме?
Тас боп қатқан табиғаттың төсі ме?
Түсінбеген қарызы мен парызын,
Перзентіне әкесінің өші ме?

Сол келіншек мініп алған боз аққа,
Тас боп қатқан аңыз болып Созаққа.
Оқ боп тиіп әкесінің қарғысы,
Көрген күні айналды ма тозаққа?

SONY DSC

SONY DSC

Таудың етегінде шопанның үйі көрінген соң соқпай кетуді жөн санамадық. Отағасы жоқ болса да балалары мен жеңгейдің сәлемі түзу болды. Аман-саулықты білісіп бір-бір кесе айран ішкен соң естелікке деп қазақы болмысын сақтаған отбасын суретке түсіріп алдық.

SONY DSC

Келіншектаудан әрі ассаң Жылаған атаның шатқалына жетіп баруға болар еді. Жағрафиялық тұрғыдан жақын болатын. Алайда Қаратаудың теріскейі тым қатерлі әрі қауіпті еді. Біздің жеңіл көлік тұрмақ УАЗың да бағындыра алмас. Сондықтан қас қараймай тұрып Кентауға жетіп алуды ұйғардық.

SONY DSC

Ертеңіне таңның атуын күтпей Кентаудан ілгерірек Абай ауылына, ары қарай Жылаған ата өзенінің бойымен Қаратаудың қойнауына беттедік.

SONY DSC

SONY DSC

Жолдың қос торабында қорасына мал біткен қазақ шопандарын көптеп кезіктіресіз.

SONY DSC

Ал мынау Қаратаудың ең биік шоқысы атанған Мыңжылқының бір сілемі.

SONY DSC

Бұл кісі орманшы, Темірхан Оразбақ. Тұтас бір аймақты браконьерлердің аш көзінен аман сақтап, орманның өртеніп кетпеуіне, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің тіршілігіне жауапты жан. Шылым тартқандарыңды шыбықпен сабаймын деп ескерткені әлі естен кетер емес.

SONY DSC

Тәртіпке бас иген құл болмас. Біздің мақсат темекі тарту емес қасиетті жерді көру. Ал ел аузындағы аңыздың бір нұсқасын Сапарбай ағамыз жол бойы былай әңгімелеп берді.

SONY DSC

Ерте заманда осы өңірде Құрышхан деген хан болыпты. Өзі сүйіп қосылған жары Шаш (кей деректе Шашты ана) анадан перзент болмапты. Перзентсіз бұл өңірде қызық жоқ екендігіне көздері жеткен екі мұңлық бар дүниесін Алла жолына сарп етіп, Құдайдан бала тілеп, әулие аралап, тентіреп кетеді. Аяқтары жеткен әулиелердің бәрін аралап, «қос дуана» атанып, табандары тозып, Шеңгелді әулие деген жерге келіп жетеді. Осы әулиенің басына түнеген кезде тілектері қабыл болып, Шаш ана құрсақ көтереді.

SONY DSC

Аллаһ тағаланың рақымына, әулиенің шарапатына разы болған қос мұңлық әулие басын паналап, тұрақтап қалады. Ай күні жетіп босанған Шаш ана бір мес (перделі бала) туады. «Құдайға не жаздық, Құдайдың бұл неғылған сынағы?», – деп еңіреген ата мен ана месті арқалап, үш жыл тау кезіп, қаңғып кетеді. Арбаның шайқатылуымен бе, не еңіреп жылаған атаның шыдамсыздығынан ба, әйтеуір, мес үш жылдан соң жарылып кетеді. Жарылған местің ішінен бір бала шығады да, ата анасына қарап: «Сіздер мені жеті жыл арқалап жүруге шыдағандарыңызда мен сіздерге және халыққа құт әкелетін перзент болар едім. Енді мен сіздерге жоқпын, бірақ сіздерге мен ана дүниеде бала боламын», – деп тауға қарай қаша жөнеледі. Ата мен ана тұра қуады. Қуып келе жатқан ата мен анаға бөгет болсын деп таудың бір үлкен қара тасын үш жасар бала көтеріп әкеліп жолға қояды. (Бұл тасты қазіргі кранмен көтерудің өзі қиын). Ақыры ата-анасы қуып жетуге айналғанда бала дәу жартасқа «Қара тас, жарыл!», – деп айқайлайды. Сол кезде таудан үңгір пайда болып, бала соған кіріп,  жоқ болып кетеді. Үңгірдің екі жағына екеуі келіп, баласын шақырып жылап, екі көзден айырылған екен дейді көне аңыз.

SONY DSC

Содан әлгі жер Жылаған ата атанған. Қазір үңгірдің жарқабағындағы жылтыр тастан анда-санда сорғалап құйылып, қайта жоқ болатын суды көресіңдер – дейді Сапарбай аға. – Жылтыр таста пайда болатын бұл суды ел «Атаның көз жасы» дейді. Ал төмендегі бұлақты «Ананың бұлағы» деп атайды.

Сапарбай аға бұл аңыздың тағы бір нұсқасын өзінің «Жұмбақ сарқырама» кітабында жариялаған болатын.

SONY DSC

SONY DSC

Мың естігеннен бір көрген артық, шынымен құздың ұшар басында үңгір бар. Одан біз бір күнде 3 рет судың атқылап ағып сарт тыйылғанын өз көзімізбен көріп суретке түсірдік. Ешқандай уақытқа бағынбайтын тылсым, нағыз жұмбақ сарқырама.

SONY DSC

SONY DSC

Сарқырап аққан судың емдік қасиеті жоғары, шипалы екенін шырақшыдан естіп біз де судан шөліміз қанғанша іштік. Шынымен, мөлдір таза судың қасиетінен асқан дәм бар ма?

SONY DSC

Екі күн қатарынан тау кезіп қызық қуған біздер шаршағанмызды кеш ұқтық. Жылаған атадан көлікке дейінгі 3 шақырым 3 күндік жүріске пара-пар болды.

SONY DSC

SONY DSC

SONY DSC

Қайтар жолда Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Шәуілдірдегі Арыстан Бабқа соғуды парыз санадық.

SONY DSC

SONY DSC

SONY DSC

Шығыс базарының да шырайын кіргізуді де ұмытпадық.

Асқар БЕКОВ.

Фото автордікі және Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ

21 Пікір

  1. Сапарбай аға көп білетін болу керек. Алдыңғы бір репортаждарда да кезіктіріп едім.

  2. Асқар, сенен туған жер топырағындағы талай тылсым сырлар жөнінде осындай тартымды дүниелерді күтеміз

    • Рахмет аға! Алла қаласа, Сіздің көмегіңізбен Сырдың сыры ашылмаған жерлерін елге көрсетеміз!

  3. Сүйкімді…әсіресілтеушілік және әулиелерге құлшылықтан ада жазылған фоторепортаж!

  4. Керемет екен. Суретке түсіру нүктелері (ракурс) өте сәтті таңдалып алынған. Нағыз шебердің қоланан шыққаны байқалады.

  5. Қасиетті қарт Қаратау жайлы жарияланған, сәтті шыққан фото репортаж болды. Жарайсың асқар! Әулие, әнбиелер желеп-жебеп жүрсін!

  6. Сапарбай аға мен Асқар Батыс Қазақстан облысына да барса, ол жақта да тамаша тарихи жерлер жетерлік

    • Алла сәтін салса Сіздердің облыстарыңызға да барармыз!

  7. Қаратауға байланысты аңыздардан бейхабар екенмін,біраз мағұлмат алдым.Мол мұрағат алатындай сайт болуына тілегім зор,алла жар болсын.

  8. Бұрындары өлкетанушы деген қадірменді ат бар еді. Қазір сол жоғалып кетті. Соны қайта жаңғырту керек.

  9. «Келіншектаудағы тас түйелер» деген Е.Тұрысовтың хикаятын бала кезде оқығанымда бұл тастарды басқаша елестеткен ем. Ойлағанымнан биіктеу әрі шынымен ұқсайды екен қатып қалған көшке. Жанынан тамашалау тіпті әсерлі шығар…

    • Барып көрсеңіз шынымен басқаша әсерде боласыз.

  10. Assalaumagaleykum kazaktin kara koz monshak kizdarimen bilektide jurekti uldari armisizdar? Aseke sizge algisim sheksiz. Mina bizdin ken baytak jerimizdin ali kopshilik bilmegen kozben kormegen jerlerdi osinday jolmen tanistirip jatkaninizga rizamin.Negizinde kopshilik osi Sozak dese oybay dep kashadi.Siz bul jerdin tek kana shol dala emes tabigati jane tari[iy jeleri bar ekenin korsetip otirsiz.Baska jurttarga sOZAKTINDA asem de adem tabigati bar ekenin minau jurtka daleldediniz.Sizdin tagida osi Sozak jayli jane tabigati jayli akparattarinizdi asiga kutemin.Bul kazak jerinin ali ashilmagan ali bkopshilik bile bermeytin tilsim jerleri alide kop soni aship minau keleshek urpakka estelik retinde kaldira beruinizge tilektespin.AULIELIDE KIELI SOZAKTIN ASHIKMAGAN TILSIMDARIN asha berulerinizge tilektespin negizinde mende sol Sozak auilinda tuip ostim.Men tugan jerimmen maktanip ar kezdede ensemdi tik ustap juremin. Negizinde kazak handigi birinshi osi Sozak jerinde kurilganin biri bilse biri bilmeydi.

  11. КЕЛІНШЕКТАУ АҢЫЗЫ
    Авторы: Болатқали Тулебаев
    Құмар қанған отыз күндік ойында,
    Шырақ жанған қырық күндік тойында,
    Жат жерлерге жалғыз қызын ұзатты,
    Бір бай адам Қаратаудың бойында.

    Қыз көшінің арты — дала, алды — су,
    Қаратаудың қойнауында Балдысу.
    Тоқсан түйе қыз жасауы артылған,
    Көш соңында жел жеткізген қалды шу.

    Ерке шолжаң тоқтатты да асауын,
    Көзбен шолды жабдығы мен жасауын.
    Итаяқты жай ағаштан қашалған,
    Талап етті саф алтыннан жасауын.

    Ақыл қашып, алып кетіп сәт есін,
    «Кәрі қақбас түзетсін – деп –қатесін».
    «Саф алтыннан итаяқты жаса» — деп,
    Ақылсыз қыз түңілдірді әкесін.

    Итаяқты алтынменен аптауын,
    Талап етіп жан мейірін таптауын.
    Көтермеген шолжаң қыздың тілегін,
    Әкесінің қарғыспен сөз саптауын:

    «Әке –көңіл бола алмас шат» – деді,
    «Мұндай қылық көргендіге жат»-деді.
    Қайран әке жалғыз қыздан түңіліп,
    «Көшіңменен тас боп мәңгі қат»-деді.

    Ыза кернеп, екі көзге жас толып,
    Әкесінің дәулетіне мас болып.
    Астамшылық тілек айтқан әкеге,
    Ақылсыз қыз қатып қалды тас болып.

    Келіншектау келіншектің көші ме?
    Тас боп қатқан табиғаттың төсі ме?
    Түсінбеген қарызы мен парызын,
    Перзентіне әкесінің өші ме?

    Сол келіншек мініп алған боз аққа,
    Тас боп қатқан аңыз болып Созаққа.
    Оқ боп тиіп әкесінің қарғысы,
    Көрген күні айналды ма тозаққа?

    Қыз жат жұрттық, қызды жау мен жат алған,
    Тау сілемі Келіншектау аталған.
    Тас боп қатқан тас жүректі келіншек,
    Алғыс алмай, қарғыс алып шаталған.

    Бізге мәлім қатал дала жарғысы,
    Оқ боп тиер әкелердің қарғысы.
    Тас боп қатқан Келіншектау куә ғой,
    Аңыз болып жетті бізге арғысы.

    Сәске болса, қалмас тіпті таң ізі,
    Бұл қазақтың бізге жеткен аңызы.
    Перзенттерге тас жүректі, тас бауыр,
    Бұл аңыздың жоқта шығар маңызы.

    Әкелердің қарғысы да тым қатты,
    Тас боп қатты сол келіншек сымбатты.
    Маңызы да жойылмайтын мәңгілік,
    Аңызы да бұл даланың қымбатты.

    БОЛАТҚАЛИ ТУЛЕБАЕВ,
    Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің доценті, Орал қаласы
    18-19.03.2013
    8-777-645-71-34

  12. Өте тамаша жазылған,түсірген суреттер, әңгіме-аңыздар Сапарбай мен Аскарға коп рахмет, Сизге тілегім байтақ Қазақстанымызда осындай сұлу табиғаттар аңыздарымен көптеген жерлерде бар, мүмкін болып жатса түсіре беріңіз,жаза беріңіз, жастарымыз біле берсін, шет елдегілер түимедей затты түиедй етіп корсетеді ғой,біз неге корсетпеске,рахмет еңбектеріңізге!Жолдарыңыз ашық болсын!

  13. Мес жарылган жерди Мес аулие дейди, казирги атауы Игилик ауылы, Менин ата бабамнын ауылы

  14. Сіздерге рахмет!Түркстандагы аталарга барып журк.Мына атаны біріншы рет естуым.Шынында да бул ғажайып қубылыс екен.

Пікір қосу