Анталья – тұтас Түркияның маңдайына басқан мөрі іспеттес, Жерорта теңізі жағалауындағы курортты шаһар! Анадолының алтын бесігі, тарихы тұңғиықтан тыныстаған ғажап өлке! Ақ қағазға түсіріп қанша көркемдеп, қалай әспеттесең де Анталья сұлулығын тек көріп қана тояттанасың!

SONY DSC

Алайда өткен жылдың жазында жағадан алған Анталья әуежайындағы шу талайды тығырыққа тірегені анық. Түркиялық  «Sky airlines» әуекомпаниясының банкрот болып жариялануы, салдарынан жүздеген қазақстандықтардың дер кезінде елге жете алмауы Анталья демалыс аймағының беделіне кірбің түсіргені рас. Осы орайда қазақтың «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді…» дегені еріксіз есіңе оралады.  Бағытын бағамдап, Анталья алақанда деп отырған отандық саяхатшылар у-шудан алыс жүргенді қалап басқа бағыттарды таңдай бастады. Ақ-қараның жігін ажыратып, және де бүгінгі Жерортаның жауһары  қазақстандықтарды қандай қасиетімен баурап алатынына көз жеткізіп қайту мақсатында фотоаппаратымызды мойынға іліп  діні бір,тілі бір түрік еліне жыл бұрын саяхаттап қайтқан болатынбыз.

SONY DSC

Театр киім ілгіштен басталады, ал жаңа қаланың бет бейнесін алдымен әуежайына қонғаннан біле бастайсың. Антальяның әуе қақпасы Түркияның екінші ірі терминалы. Дәл осы ғимарат қабырғасында қазақстандық саяхатшылардың жіпсіз байланғаны туралы елдегі талай басылымдардан естіген едік.

SONY DSC

Ол оқиғаның ізі суығанына да біршама уақыт та өтті, сондықтан оған бас қатырып жүрген ешкімді де кездестірмейсіз. Ал әуежай баяғы қызметін қалтқысыз орындауда. Жылына 19 млн. туристі қабылдап шығарып салу мүмкіншілігіне ие. Салыстырмалы түрде біздің Алматының терминалы он екі айда бас аяғы 4 млн. жолаушыға өз қызметін ұысна алады.

SONY DSC

Өңірдің тарихы қаншалықты терең болса, ежелгі шаһарлардың саны да соншалықты көп. Теңіздің тұзды суынан басқа қызыққа кенелемін десеңіз Перге, Фаселис, Сиде, Аспендос деп тізбектеп кете беретін шаһарларды тамашалау демалыс уақытыңыздың пайдалы өткізуіне септігін тигізеді.

SONY DSC

Қаладан 15 шақырым қашықтықта бой түзеген Перге қалашығы Рим мәдениетінің інжу маржаны.

SONY DSC

Ғажап амфитеатр, қаланың кіре берісіндегі «Рим қақпасы», ежелгі монша мыңдаған туристердің көз жауын аларлық тарихи мұра.

SONY DSC

Ал Фаселис қалашығының жөні бөлек. Теңіз жағасында орналасқандықтан бұл шаһарға кеме арқылы жетуге болады.

SONY DSC

Жол бойындағы түрлі үңгірлер мен биік шатқалдарды қызықтап, парашют пен яхтаға мінген демалушыларға қол бұлғап, теңіз балығы мен ұнатқан сусыныңды ішіп отырып 60 шақырымды қалай бағындырып үлгергеніңді байқамай да қаласың.

SONY DSC

Шаһардың оңтүстік батысындағы үлкен бұғаз орналасқан, ол жер кеме айлағының қызметін атқарады. Аялдаған кемедегі туристерді жағалауға моторлы қайықтпен жеткізуге болады немесе жүрек жұтқандары өздері жүзіп барады.

SONY DSC

Тарихи мұралары зерделенген Перге қалашығына қарағанда Фаселис әлі зерттеуді қажет ететін көне шаһар.

SONY DSC

Егер де бір оқпен екі қоянды атып, өңірдегі барлық бағзы шаһарларды араламай-ақ көремін десеңіз онда сіздің бағытыңыз Антальяның өлкентану мұражайы.

SONY DSC

14 көрме залынан тұратын алып ғимарат Анадолының тарихи ордасы.

SONY DSC

15 түрік лирасына билетіңізді аласыз да Рим, Византия империясынан қалған түрлі мүсіндердің арасына тап боласыз. Бұл жәдігерлер мұражайдың басты құндылықтары.

SONY DSC

Ежелгі мифтегі құдайлардың бейнесі, бағалы тиын түрлері, мозайкалық иконалар, Селжүк, Осман дәуірлерінің көріністерін қарап мұражайдың аса бай қорының бар екеніне көзіңіз жетеді.

SONY DSC

Анталья кешегі күннің белгісін келешек ұрпақ жадына сіңіруді мақсат тұтқан қала. Сондықтан ескі қаланың орны осы күнге дейін бір кірпіші қирамай сақталып келеді.

SONY DSC

Бүгінде көне қала демалуға арналған саябақтары мен жолдары тастан қаланған шағын көшелерден тұрады. Туристердің назарына түрлі дүкендер мен сауда орындары қызмет етуде.

SONY DSC

Ұлттық тағамдары мен салт дәстүрін паш еткен мейрамханалар күндіз түні есігін айқара ашып қойған.

SONY DSC

Жауын-шашын мөлшері тым аз болғандықтан жергілікті тұрғындар қолшатырды мүлде пайдаланбайтын көрінеді. Ал саяхатшылар қолдарына іліп келген қолшатырын мына көшенің маңдайына іліп кете береді екен.

SONY DSC

Түргеннің сарқырамаларына қаныққан қазақстандықтарды Күршінлі мен Дедюннің құлай аққан өзендері де қызықтырмай қоймайтыны рас.

SONY DSC

Ал теңіздің ақ толқындары, су іздеп келген жанның нағыз рахатқа бөленуіне таптырмас ләззат.

SONY DSC

2012 жылы түрік жеріне бағыт алған 380 000 қазақстандықтың 225 мыңы осы Антальяны таңдағаны теңіз суының біздің туристер арасында сұранысы жоғары екенін көрсетеді.

Жалпы, біздің тұрғындардың бөгде елдің әуе компаниясынан туындаған залалға бола Антальядан алшақтаудың қажеті жоқ. Мүмкіндік болса Қазақстандық әуе компанияларымен ұшып барыңыз, тиімді әрі қауіпсіз. Егер де біздің ұшақтардағы қызмет көрсету сапасына көңіліңіз толмай, басқа әуекомпаниясын таңдасаңыз, онда сақтандыру полисін рәсімдеуді де ұмытпаңыз. Сонда сіздің демалысыңыз қызықты әрі қауіпсіз түрде өтеді.

©Асқар БЕКОВ

5 Пікір

Пікір қосу