2016 жылдың 16 қыркүйегінде Атырау қаласында Малайзиялық консорциумның кеңсесі салтанатты жағдайда ашылды. Шара аясында Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев пен Қазақстандағы Малайзия елшісі Дато Хидайат бин Абдул Хамид арадағы әріптестікті дамыту мақсатында мемарандумға қол қойды.

01

Атырау облысының әкімі  екіжақты  байланыстың  нәтижесінде жаңа жұмыс орындары  ашылып, мемлекетке  түсетін салық көлемінің артып, басқа да даму перспективаларына алып келетіндігін айтты.

02

Малайзия елшісі Абдул Хамид Атырау өңірінің мұнай мен газ кешенін дамытуда маңызды роль атқаратындығын атап өтті. «Біздің бірқатар компанияларымыз Атыраудағы мұнай-газ секторы бойынша зерттеулер жүргізді. Нәтижесінде мұнайлы өңірдің даму перспективасы жоғары деп шешіп отырмыз. Сондай-ақ, біз туризм, сауда, Ислам банкі, бизнес саласында да әріптестікке дайынбыз» деп атап өтті ол.

03

02

Айта кетейік Малайзиялық консорциум ( MyConsortium ) мұнай-газ саласында түрлі қызметтер ұсынатын төрт компаниядан тұрады:

  • Хадид Инжиниринг – механикалық және электр жабдықтарын жеткізуге маманданған , мұнай -газ саласында Малайзияның жетекші компанияларының бірі. Ол Қазақстанда кеңсесін ашу арқылы шетелде өз бизнесін кеңейтуді бастады .
  • Nusapetro – мұнай-газ саласының үздік провайдері.
  • Мұнай TSechnical Inspection ( OTI ) – үшінші жақтан инженерлік бағалау үшін сараптамалық қызметтер мен жабдықтарды ұсынады.
  • Innovative Fluid Processes (IFP) – зауыттың іске қосылуынан бастап оның әрі қарайғы жұмыс қызметіне қолдау көрсетумен айналысады.

04

Әлемдік экономика соңғы бірнеше айда, мұнай бағасының төмендеуі , валюта девальвациясы секілді түрлі проблемалармен соқтығысты. Бұл құблыс Қазақстан мен Малайзияны да айналып өтпеді. Дегенмен, екі ел бірқатар шараларды жүзеге асыра отырып жергілікті компанияларды қолдау арқылы дағдарысқа төтеп беруде.

Бұл тұрғыда Малайзиялық консорциумның Атыраудағы кеңсесінің ресми ашылуы табысқа жету жолындағы маңызды қадамның бірі.

05

06

– Малайзия елшілігі Малайзия мен Қазақстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықты жетілдіруде тынбай қызмет ете береді. Кез-келген бизнестегі оң қарым-қатынас оның өсіп-өркендеуіне әкеледі. Біз осы кеңсенің ашылуын үлкен жетістіктерге бастайды деп үміттенеміз – дейді Дато Хидайат мырза.

07

А.Ахметқазы

Әзірге пікір жоқ.

Пікір қосу