Бейнеттің зейнетін сезіну, ой-сананың тың ортада қайта қалыптасуы, таным-түйсігіміздің кеңеюі, міне кезекті еңбек демалысын қажет ететін факторлардың бірі. Қыр төсіндегі қазақты қайдам, қаланың адамы қалт еткеннен-ақ демалудың қамын күйттейтіні анық. Әлемнің әр елі жаһанданған сайын құрлықтардың арасы қадаммен өлшейтіндей кейіпке еніп барады. Бұл дегеніңіз, әсіресе қызық іздеген, жанына дауа аңсаған адам үшін қолайлы жағдай. Рас, әрненің шегі әмиянға барып тіреледі.

Қазіргі кезеңде қазақстандықтардың қалтасы көтеретін демалыс орындарының бірегейі – Түркияның жағажайлары. Ендеше, бүгінгі Түркия қазақстандық саяхатшыларды қандай ерекшелігімен баурап ала алатынына көз жеткізіп қайту мақсатында күн райы бұзылмай тұрып біз Ыстамбұл қаласына 3-4 күндік сапарға аттандық.

SONY DSC

Сырт елдегі бірінші айнымас жолдасың әлбетте гид. Жолыңызды балама бағыт пен жалған нарықтан алшақ ұстағыңыз келсе, бірінші гидті жарылқап алыңыз. Бұл маман иелері жат жердегі сіздің құлағыңыз һәм көзіңіз! Ал біздің сұранысымызды қанағаттандырған Мехмет мырза, мінсіз қызметі мен терең білімділігі арқасында бізді өзіне тез арада баурап алды.

SONY DSC

Сонымен Ыстамбұл. Айы оңынан туған, жер-жаһандағы көне шаһарлардың бірі. Кезіндегі Рим, Византия, Осман империяларының астанасы.

SONY DSC

2010 жылы Еуропаның мәдени астанасы атанған Ыстамбұл, күллі әлемге өз жәдігерлерін паш етіп, түрік экономикасына туризмнен түскен табысымен елеулі үлес қосты.

SONY DSC

Естеріңізге сала кетейік, 2000 жылы түрік шаһарын 2,4 млн. шетелдік тамашаласа, 2012 жылы қонақтардың саны 11,6 млн. саяхатшыға артып, туристік бағыттағы әлем қалалары арасында 5-орынға табан тіреді.

SONY DSC

Бүгінде Ыстамбұл өнеркәсібі өрге домалаған портты шаһар.

SONY DSC

Әлем алдындағы Түрік беделінің айқын көрінісін, біз Сұлтанахмет мешітін аралағаннан бастап сезіндік. Мәрмәр теңізінің самалы маңдайын сипап өткен әр түріктің мақтанышына айналған бұл мешіт тек қаланың емес, ислам әлемінің де ғажап архитектурасының бірі.

SONY DSC

І Сұлтан Ахметтің тапсырмасымен салынған мешіт, 6 мұнара мен биіктігі 43 метр, ал диаметрі 23,5 метр ауқымды алып жатқан ғажап көк күмбезбен көмкерілген. Халық арасында «көк мешіт» атануы да осыдан.

SONY DSC

Ауызашар уақыты тақаған тұста мешіт маңайына жанұясымен жиналған қауымда есеп жоқ. Күн ұясына батысымен жиналған қауым дастарқандарын жайып, дәм татуға кіріседі.

SONY DSC

Ал, ел меценаттарының ұйымдастыруымен ауыз бекіткендерге мешіт маңындағы арнайы орындарда тегін тамақ таратылады. Мұндай жақсылық түрік қалаларының барлығында да кездеседі.

SONY DSC

Мешіт — Алланың үйі. Сондықтан дәретсіз мешітке ену — харам!

SONY DSC

Қаладағы мешіт санының өзі 2944 құрайды. Барлығында да мұсылман қауымға жағдай жасалынған.

SONY DSC

Ыстамбұлдың кереметтерін аралап тауысуға 1 апта емес, 1 ай да жетпейді. Еуропа мен Азияны байланыстырып тұрған қос көпір, патша сарайлары, түрлі деңгейдегі шіркеулер, қамал мен су қоймалары туристер назарына қызмет етуде.

SONY DSC

Осман патшаларының ордасы, Топкапы мен Долмабахче сарайы да аяқ талдырарлық ауқымды алып жатқан үлкен мұражайлар.

SONY DSC

1923 жылы Мұстафа Кемал Ататүрік Топқапыны мұражай етіп жариялады.

SONY DSC

SONY DSC

1854 жылдан бастап Осман империясының жаңа резиденциясы атанған — Долмабахче сарайы. 45 мың шаршы метр аумақты алып жатқан бақша сарай да бүгінде саяхатшыларға арналған мұражай.

SONY DSC

Шаһардың тағы бір мақтанышы, Қапалы Шаршы жабық базары. Іргетасы сонау 1453 жылы қаланған базарды күн сайын жарты миллионға жуық саяхатшы аралайды екен.

SONY DSC

Қалада адасқанды көруші едік, базарда адасқанды өзіміз сезіндік. Бір-біріне ұқсас күмбезбен көмкерілген көшелері бізге экзотика іспеттес. Қызығасың, кете бересің. Айналшықтап жүріп 18 қақпасының бірінен қалай шыққаныңды, қайдан шыққаныңды байқамай қаласың.

SONY DSC

Бас-аяғы 58 шағын көшелерден құралған сауда орнында 4000-ға жуық дүкен орналасқан.

SONY DSC

Тауар түрлерінің сан алуандылығы сауда мәдениетінің қаншалықты дамығанын байқатады. Мұнда алтын да, жақұт та, кілем мен матаны да, шығыс тәттісі мен түрік былғарысын да кезіктіресіз. Тіпті тұрғын үй мен бейіттің бар екеніне де таңғалмаңыз.

SONY DSC

Саудада достық жоқ екені аян. Сондықтан базардағы бағаның нарқын бұзып саудаласқан жөн. Саудаласуды түрік сатушысы да құп көреді. Әрі іші пысқан сатушы өзге елдің адамымен ымдасып болса да әңгімелесіп қалуға тырысады. Қазақстаннанмын дегеніңе көзі ашық оқығандары арқаңнан қағып, бауыр деген ишарамен бағасын түсіріп те жатқан кездерін көрдік.

SONY DSC

Ас адамның арқауы. Ыстамбұлдағы жарнамалрдың бірі.

SONY DSC

Қызмет көрсету сапасы жөнінен әлем елдерінің алдыңғы қатарында.

SONY DSC

Тұрғындардың басым бөлігі жағалауда серуендегенді ұнатады.

SONY DSC

Түнгі Ыстамбұл.

Түркияның жауһары Анталия демалыс аймағы туралы фоторепортаж келесі репортажымызда жарияланады.

©Асқар БЕКОВ

3 Пікір

Пікір қосу