Өткен жылы Алматы қаласында тұңғыш рет Орталық Азияда денсаулығында менталдық бұзушылықтары бар адамдарға арналған кафе ашылды. Бүгінде кафеде жұмысқа тұрғанға дейін далаға өз бетімен шығып көрмеген психоневрологиялық орталықтың 20 шақты тұрғыны қызмет атқарады. Күнделікті жұмысқа бару, өзге адамдармен араласу арқылы олар өмірлерінде алғаш рет өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезіне бастады.

001 - DSC_3859 тренинг кафе

Кафенің ашылу мақсаты – қоғамның назарын психикалық бұзушылықтары бар адамдарға бұру және бір-бірінен қорықпауға үйрету. Жобаны Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен Қазақстан психоаналитиктер қауымдастығы жүзеге асырады.

002 - DSC_3516

Жұлдыз Әбдікерімова мен Михаил Седовтың  жұмыс күні азық-түлік сатып алудан басталады. Жобаға дейін қолдарына мүлде ақша ұстамаған олар бүгінде саудагерлермен емін-еркін саудаласып, қажетті азық-түліктердің бәрін өздері сатып алады.

Жұлдыз да Михаил да психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арналған интернат үйінде тұрады.

003 - Mikhail Sedov

– Азық-түлікті сатып алу – өте маңызды жұмыс. Кафе келушілеріне беретін астың сапасы осыған байланысты. Шыны керек, алғашында далаға шығу, саудагерлермен саудаласу қиын болды. Адамдардан қорқатынмын. Бүгінде бәрі алғашында көрінгендей қорқынышты емес екенін түсіндім. Күн сайын қайталана беретін әрекет дағдыға айналады екен, – дейді Михаил Седов.

004 - DSC_3545

Жулдызды сыртынан бәрі Тренинг-кафенің әкімшісі деп атайды. Ол әрқашан көмекке келуге, білгенімен бөлісуге, тосыннан пайда болған мәселелерді жылдам әрі орынды шешуге дайын.

– Қарап тұрсам, менің қолымнан бәрі келеді екен. Тапсырыстарды да қабылдай аламын, асханада да көмектесемін, кассада да отыра алады екенмін. Бірақ өзім байқағанымдай менен негізі жап-жақсы бармен шығады екен, — дейді ол.

005 - Alexey Kapustin тренинг-кафе

23 жасар Алексей Капустин үшін бұл оның өміріндегі алғашқы жұмысы. Алексей өзінің ата-анасы туралы ештеме білмейді, туысқандары жоқ. Ес білгелі бері балалар үйінде, сосын интернатта тұрып келеді. – Маған жұмыс істеген, өзімді пайдалы сезінген ұнайды. Жұмыстан қорықпаймын да, қашпаймын да. Көмек қайда керек болса, сонда бара беремін. Тренинг-кафедегі әр жұмыс күні маған еркіндіктің самалы іспеттес. Шынымды айтсам, мен кәдімгі, қарапайым адам сынды өмір сүргім келеді, — дейді ол.

006 - DSC_4305 тренинг кафе

Қазіргі кезде Алексей кафеде аула сыпырушы қызметін атқарады. Бірақ бұл оған күні бойы даяшыларға көмектесуге және тұшпара түйіп үйренуге кедергі болмайды.

007 - DSC_3871 тренинг кафе

007+ - DSC_3429 тренинг-кафе

007++ - DSC_3598 тренинг-кафе

Бұл жерде қызмет бойынша бөліну деген жоқ, барлығы бір үйдің балаларындай бірге жұмыс істеуге тырысады. Аспазшы ас мәзіріндегі астарды дайындап жатқанда, өзгелер көкөністерді жуып, тазалап, тамақтарды салысып, таратып жатады.

008 - Kairat Sarsenbiyev

Қайрат Сәрсенбиев – езуінен күлкі кетпейтін ақжарқын қызметкерлердің бірі. Әріптестері қалжыңдап оны «біздің республикалық деңгейдегі жұлдызымыз» деп мақтап жатады (ол туралы республикалық арналардың бірінде бағдарлама дайындалған болатын). Қайраттың 9 сыныптық білімі бар. Бүгінде психоневрологиялық интернатта тұрады.

009 - DSC_4129 тренинг кафе

– Басында, адамдар мені мазақтайды, психикалық ауытқулары бар деп менсінбейді деп ойладым. Бойымда қорқыныш болды. Бірақ біздің психолог өзімізді өз қалпымызда қабылдауға үйретті. Мен жұмысымды жанымдай жақсы көремін. Аларым да бөлісерім де көп екен. Әсіресе, қонақтарды қарсы алып, оларға лайықты қызмет көрсету, олармен әңгімелесу қатты ұнайды, — дейді Қайрат.

010 - Rasima Temerbayeva

Аптасына бірнеше рет ерекше кафеге психолог Расима Темербаева келеді, ол кафе қызметкерлерімен жеке-жеке кездесулер өткізеді. Бір қызығы, Расима кафеге ерікті (волонтер) ретінде келген болатын. Бірақ бірте-бірте жұмыс барысына еніп, ерекше қажеттіліктері бар қызметкерлерге бауыр басып қалды. Кафе қызметкерлері де Расимамен бірден тіл табысып кетті. Сол кезде Расиманы психолог ретінде жұмысқа шақыру шешімі қабылданды.

011 DSC_3643 тренинг кафе

– Алғашында қоғамның біздің кафеге деген ойын, қабылдау деңгейін болжап білу мүмкін емес болғандықтан бойымызда үлкен күдік болды. Оның үстіне кафе қызметкерлірінің сенімімен де жұмыс істеу керек болатын. Аз уақыт ішінде жақсы ұжым қалыптастыра білдік. Бұл жоба арқылы біздің қызметкерлер ғана емес, жалпы қоғам да есейеді деп сенемін, — дейді Расима.

012 - Saule Toganbekova Сауле Тоганбекова

Кафенің ыдыс жуушысы Сәуле Тоғанбекова өзге қызметкерлері сынды психовневрологиялық аурулары бар адамдарға арналған интернатта тұрады. Сауле бет және құлақтың даму кемістігімен туылды. Өзінің сыртқы болмысы үшін сыртқа мүлде шыққысы келмейтін ол осы қызметті таңдады.

2015 жылдың жазында жергілікті БАҚ-тың бірінде «Тренинг-кафе» және «Сауле» туралы мақала шыққан болатын. Осының арқасында жанашыр жандар табылып, Сәулеге ота жасау шығындарын өз мойнына алды. Бүгінде Сауле өзге оталарға дайындалуда.

013 - Zaynagul Saltayeba Зайнагуль Салтаева

013+ - DSC_3810 тренинг кафе

Салтаева Зайнагүл аталмыш кафенің даяшысы. Қиын жасөспірімдерді сауықтыру  орталығында оқыды. Психовеврологиялық аурулары бар интернат үйінде тұрады. «Менің жобаға алғысым шексіз. Өзіңді қажет сезінудің қандай бақын екенін білсеңіз ғой!», — дейді ол.

014 - DSC_4258 тренинг кафе

Ал 2015 жылдың күзінде Алматы қаласының бір топ белсенділері кафе қызметкерлерімен бірлестікте «Көмекке зәру жандарға арналған тегін түскі ас» атты жобаны іске қосты. Тамақты «Тренинг-кафе» ұжымы дайындайды және кафе аймағында аптасына бес рет 16.00-дан 17.00-ге дейін таратады. Түскі асқа ниет еткен адамдардың бәрі келе алады. Бірақ оларға қойылатын екі шарт бар: біріншіден, бір қолға бір тамақ беріледі және екіншіден, келген адам міндетті түрде сау болуы керек.

015 - free meals тренинг кафе

015+ - DSC_3322 тренинг-кафе

015++ - DSC_3325 тренинг кафе

Өкінішке орай, кафеге келетін адам санының аздығына байланысты, кафе ұжымы үнемі қосымша табыс табу мүмкіндіктерін қарастырып отырады. Бүгінде кафеде тұшпара цехы іске қосылған. Қызметкерлер күніне шамамен 10 кг. тұшпара дайындайды. Қуанышқа орай, тұшпараны сатып алушылардың қатары күн санап артып келеді. Тіпті күніне 20 кг. дейін тұшпара дайындау керек кездері болып тұрады.

016 - Gulnar Sagiyeva Гульнар Сагиева

Сағиева Гүлнар цех басшысы болып қызмет етеді. Туыстары жоқ, туғаннан интернат үйінде тұрады. Медициналық білімі бар. – Тұшпараларды дайындауды бірден үйрендім. Жұмысым өзіме ұнайды. Күн сайын әріптестерімді қамырды, етті өлшеуге, оларды түйіп, мұздатуға үйретемін. Тұшпаралардың барлық техникалық талаптарға сай болуын қатаң қадағалаймын», — дейді ол.

017 - DSC_3273 тренинг кафе

Болашақта Гүлнәр өз бизнесін ашуды армандайды. Бүгінде бизнес жоспар дайындап, демеушілерді іздеуде.

018 - DSC_3996 тренинг-кафе

Айта кетейік тренинг-кафе Алматы қаласындағы Айманов көшесіндегі 202 үйде (Жандосов көшесінің қиылысы) орналасқан. Кафе таңғы 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

 

Мәтінді дайындаған Әйнел Әмірхан.

Суреттерді түсірген Владимир Третьяков

https://www.instagram.com/vladimir.tretyakov/

6 Пікір

Пікір қосу