Алатаудың асқаралы шыңдары талай фотографтың обьективіне ілініп, қаншама таспаға түсіп, фотолабороторияның қызғылт-қараңғы  бөлмесінде жарыққа шығып жатса да, ел ол суреттерді тамашалаудан жалыққан емес.

01Жыл өткен сайын біз Алатаудың әсем иірімдері мен ақбас шыңдарын түрлі ракурстан көріп келеміз. Бұл жолы, жас фотожурналист Досжан Балабекұылының фотоаппаратына іліккен таңдаулы суреттерді назарларыңызға ұсынамыз.

02Талбесіктің ғажайыптарын суретке түсіру Досжанның балалық қызығушылығынан туған. Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Ерназар ауылында туған ол,  мектеп табалдырығынан бастап-ақ журналистика мен фотожурналистикаға ерекше қызығушылық танытқан. Досжан биыл ғана ҚазҰУ-дың баспа ісі және дизайн кафедрасының үздік дипломмен бітіріп шықты, араға уақыт салмай жатып, өзінің қарашаңырағына қайта оқуға түсті. Қазір қара шаңырақтағы журналистика мамандығының бірінші курс магистранты. Магистрлік дессертациясын да, өзі сүйіп орындайтын табиғат тақырыбымен ұштастырыпты. «National geografic» жаһандық желісінің ерекшеліктері, өзіндік жұмыс істеу тәсілдері мен табиғат көріністерін кәсіби шеберлікпен жеткізу әдістерін зерттеуге алып, бүгінде осы тақырып аясында ізденіс үстінде. Сондай-ақ, Досжан Балабекұлы республикалық «Айқын» қоғамдық-саяси газеті веб-сайтының журналисті қызметін де атқарып келеді. «Айқынның» танымдық айдарларында, өзі түсірген тамаша туындыларын ұсынып келеді. Досжанның кезекті фотожинағын бүгін біздің сайттың оқырмандарына ұсынуды жөн көрдік. Олай болса, жас журналистің фотошығармашылығымен танысып көрейік, оқырман!

03

04

05

Алматыға алғаш келген қонақ, аспанмен тірескен Алатауларына сүйсінеді. Үлкен Алматы шатқалындағы Үлкен Алматы шыңы қаланың қай нүктесінен болмасын пирамида пішіндес көрінеді. Пирамида шыңының әр қырынан тамашалап көрейік.

06

Үлкен Алматы шыңына бет алғанда сіздер таулардың опырылуына куә боласыздар

07

Бұл шыңның Көкжайлау шатқалынан қарағандағы сымбатты бейнесі. Алматылықтар осы көрікті жерге әр демалыс сайын барып, тынығып қайтады. Бұл тақырыпқа төменде тағы ораламыз. Біз саяхатымызды ары қарай жалғастырамыз.

08

Бұл Фурманов шыңы немесе Фурманов шоқысы деп аталады. Аса қауіпті шың қатарына жатпайды.

09

Күздің алғашқы айларында Фурмановкаға қар түссе, төменгі беткейлер алтын түске боялып жатады.

010

Ал Алматы аспанының өзі күзгі маусымда ерекше бұлттармен құлпырып кетеді.

011

Сіздер білесіздер ме, тауларға бұлттардың махаббаты ерекше. Алматы тауларына үнемі батыстан жеткен бұлттар тынығып, осында аялдап қала береді.

012

Егер сіз таудың биік шыңына шығып кетсеңіз, қалың бұлттар мен Алматының қою түтіні осылай көрінеді.

013

014

015

016

Көктөбеге жолыңыз түсе қалса, тауларға қарауды ұмытпаңыз. Көз алдыңыздағы әсем көріністер жүрек түпкіріңізде мәңгі сақталады.

017

Кіші Алматының шатқалды жартасына қар түскеннен кейінгі келесі күні жолыңыз түссе, табиғаттың сұлу бейнесіне қанық боласыз.

018

Көкжайлау бағытындағы сапарға жол тартқан, әрбір табиғат сүйер турист, Кіші Алматы сілемдерінің барлық көрінісіне оңай қол жеткізе алады.

019

Көкжайлау жоталарынан қарағанда, Алматы сізге алақандағыдай болып көрінеді.

020

«Медеу» жартасты жотасындағы қысқы көрініс

021

Көкжайлауға сапар шеккен туристер легі. Әрбір Алматылық осы мекенді шын жүрекпен жақсы көреді.

022

Көкжайлау бағытындағы «жалғыз ағаш» үнемі өзінше бір философиялық әсер сыйлайды

023

Бұл әрине, Көкжайлау мекені! Кіші және Үлкен Алматы шатқалдарының ортасында орналасқан көрікті жер. Осы мекен арқылы Үлкен Алматы шатқалына, не болмаса Беделбай сарқырамасына, Үш ағайынды шоқысына, Құмбел-Бірлік шыңына, ары қарай Құмбел циркіне және жоғарғы Горельник пен Титов мореналық көліне, Титов асуы мен Титов шыңына баруға болады. Аталған екінші бағытқа бару үшін, көрініп тұрған биіктен ары асуыңыз қажет.

024

Әрбір шыңнның басында жарқырап күн көрінсе, күнге еркелеген Еңлікгүл гүлдерін кездестіруіңізге болады. Сондықтан да, Еңлікгүл қайсарлық пен батылдықтың, биік махаббатқа деген қия шыңдай құштарлықтың нышанына айналып кеткен.

025

Көктөбе – нағыз романтикалық мекен. Жарқыраған күн мен алабұртқан ала бұлт және көк аспан келген қонақты өзіне баурап алады.

026

Соңғы суретті Талғар асуынан шығып келе жатқан толған Айдың мүсінімен аяқтауды жөн көрдік. Бұл суретті түсіру үшін Фурманов шыңында, 3200 метр биікте кешкілік сағатта қауіпке бас тігіп, фотоға тартқан болатынбыз. Сапар қиын болса да, сурет әдемілігімен фотоқорда сақталып қала бермек!

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

1 пікір

Пікір қосу